Меню

NINETY ONE - DRIFT

Казахские тексты песен | Просмотров: 0

NINETY ONE - DRIFT - текст песни

[BALA]

Бойда пиғыл бар е - сені таптап тынар е!

Сезілмесін иісің - бөлме екеумізге тар е

Көрсетсең де мүйіз, кетем жымиып,

Тарантиномен жазғандай, жарып тастап артқа қарамайм!

[BALA]

Ай қимылдар! Кімнің кім екенін анықтап беред оңай

Ай қимылдар! Бәрі өте баяу слоумодағыдай!

Ай қимылдар! Кімнің кім екенін анықтап беред оңай

Ай қимылдар! Жерді өртемегенше, менде тыным болмайд

[ACE]

Соңынан кім күлед, көр! Жетпесе әл, алам мінезбен

Тәуекелге бел-бел-бел буып ойынға ілесем

Соңынан кім күлед, сендер емес, тек ренжімеңдер

Кедергі көрмейм, тайғанақ жолмен біздің өмір - дрифт

[ALEM]

Бойда пиғыл бар е - кету батпақтан ары е

Өмір - өлі пъеса, бізде алдыңғы орындар е

(Сен) көрсетсең де мүйіз, кетем жымиып

Тарантиномен жазғандай, жарып тастап, артқа қарамайм

[ZAQ]

Деңгейің ғарыш болғанын қаласаң, дем алмауды үйрен - бәрін үйрен

Кеудеңе түйреуіш түйреп, кет алға, сүйрел! Бәрін үйрен.

Өмір - тәжірибе, ал менде ақ халат, қауым ренішін үйді - істедім аққала

Бәрі таңғалад, қағып шапалақ, қалап тағы лапылдатқанын мына бала!

Бірақ бұл жолда көп болад, кенеттен шоқалақ,

Біз істедік дрифт, дөңгелектен шоқ ағад! 

Ұстама шок бала, bit*h, mic кетті от жалап! 

Бәріндей болудан жоқ жаман!