Меню

Дана Кентай - Оралшы махаббат

Казахские тексты песен | Просмотров: 1


Дана Кентай - Оралшы махаббат - текст песни

Жанардан жауқазын-нұр өсіп пәк,
Тартты ғой түбіне тұнық бір мұң,
Жүректер байқаусыз тілдесіп,
Тірлікті бір сәтке ұмыттырды.

Қайырмасы:
Нұр сеуіп шапағат,
Оралшы, махаббат,
Оралшы маған, махаббат!
А-а-а-а-а-ай, жастық гүлім-ай.

Не болса, соған алданғыш жаным,
Ләззатқа мас болып ұйып қалдым.
Білмеймін содан соң не болғанын,
Сол сәтте мәңгілік сүйіп қалдым.

Қайырмасы:
Нұр сеуіп шапағат,
Оралшы, махаббат,
Оралшы маған, махаббат!
А-а-а-а-а-ай, жастық гүлім-ай.

Сырымды жеткізіп айтар едім,
Өтті ғой сол бір сәт тез білінбей.
Сәтімді қайтаршы қайта менің,
Жер-Ана жасарған мезгіліндей.

Қайырмасы:
Нұр сеуіп шапағат,
Оралшы, махаббат,
Оралшы маған, махаббат!
А-а-а-а-а-ай, жастық гүлім-ай.


Все тексты песен Дана Кентай